Қоғамдық көлік: Алматыда жауапсыз тасымалдаушы нарықтан кетті

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда «Тегіс транс» тасымалдаушысы Алматы жолаушылар тасымалы нарығынан кетті.  Мұндай шешім Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жанындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысында қабылданды,  деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

„Тасымалдаушы қызмет көрсетілетін рейстердің нормативтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті. Біздің мәліметтер бойынша, „Тегіс-транс" көліктерінің жүру тұрақтылығы бұзылған. Қала бойынша  шамамен 40-50% нормадан,  ал кейде 30%-ға дейін төмендейді. Яғни, көзделген 10 жылжымалы құрамның ішінен рейске ең жақсы жағдайда 4-5 автобус шығады. Сонымен қатар олар пайдаланған автобустар өте тозған және берілген уакытта жаңартылып жеткізілмеген. Қазір көлік қызметтерінің деңгейін арттыру мақсатында белсенді шаралар қабылдануда, ең алдымен, біз рейстер тұрақтылығының нормаларын сақтамайтын тасымалдаушылармен жұмысты бұдан әрі тоқтататын боламыз", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов. null 

Естеріңізге сала кетсек, „Тегіс транс" компаниясы нөмір 71 қоғамдық көлік маршрутына қызмет көрсетеді. Осы бағыт, бүгінгі күні "Алматы электротранс" тасымалдаушысына тапсырылып, 71 маршрутқа 12 метрлік жайлы ЛиАЗ автобустары  берілді.null

Соңғы жаңалықтар