Қоғамдық кеңестің ұсыныс-пікірін меморгандар міндетті түрде қарауы керек – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық кеңестердің ұсынысын мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауы керек. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде шынайы әрі нақты тетіктер туралы сөз қозғалып отыр. Кеңес беруші орган ретінде қоғамдық кеңестер ұсыныс әзірлеуі керек. Ол ұсыныстар жаңа түзетулерге сәйкес, қандай да бір мемлекеттік органдарда міндетті түрде қаралуы керек», - деді Болат Тілепов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ұсыныстар қабылданбауы да мүмкін. Бірақ одан не үшін бас тартатынын түсіндіріп, мемлекеттік органдар негіздеме беруі тиіс.

«Қандай да бір мәселелер бұрыннан айтылмай, қаралмай келе жатуы мүмкін. Сол себепті мемлекеттік органдар белгілі бір мәселе бойынша шешім қабылдайтын кезде қоғамдық кеңестер нақты ұсынысын бере алады. Қоғамдық кеңес құрамы тиісті жұмыс топтарынан құралады. Мемлекеттік органдардың ықпалын азайту үшін жұмыс тобының өзін де сайлау арқылы айқындау тетігі енгізілген. Оған қоғам өкілдері енуі тиіс», - деді Болат Тілепов.


Соңғы жаңалықтар