Валюта бағамдары:
    usd/kzt 462.36 eur/kzt 493.48

    rub/kzt 5.99 cny/kzt 67.14
Ауа райы:
Астана+1+3℃
  Jańalyqtar  >

Қоғамдық кеңестерге сын көп - Марат Бәшімов

2023 жылғы 26 қаңтар, 12:49

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қоғамдық кеңестерге сын көп. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Бәшімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарған Марат Бәшімов қоғамдық кеңес мүшелері заңнамаларға сыбайлас жемқорлықтың таралуына жол бермейтін нормаларды енгізу бағытында жұмыс істейтінін атап өтті.

«Өткен республикалық форумда қоғам өкілдері көп жиналып, Үкіметке өз талап-тілектерін айтты. Елімізде 232 қоғамдық кеңес бар. Қоғам оларды қолдап, қай бағытта келе жатқанын біліп отыруы тиіс. Өйткені, қоғамдық кеңестерге сын көп. Шын мәнінде, қоғамдық кеңестер пайдалы болуы керек», - деді Марат Бәшімов.

Ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқтатылғанына назар аударды. Сонымен қатар, заңнамаға «заңсыз баю» ұғымы енгізілгенін айтты. Оған сай, енді лауазымды тұлғалардың нақты табысынан асып түсетін кірістерін тергеу мүмкіндігі берілді.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары