Қоғамдық кеңестердің өкілеттігі қалай кеңейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов қоғамдық кеңестердің өкілеттігі қалай кеңейтіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі біршама кеңейтілді. Қазір бұл жөнінде заңнамалық ережелер мен нұсқаулықтар әзірленіп, бүкіл мәслихаттарға, мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңестердің өздеріне таратылды. Кеңес құру үрдісі қайта қаралды. Ендігі жерде олардың құрамының 70 пайызы үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді азаматтардан тұруы тиіс», - деген вице-министр қоғамдық кеңестердің жұмысын реттейтін уәкілетті орган - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі екенін еске салды.

Оның айтуына қарағанда, жыл соңына дейін президентке осы бағытта атқарылған жұмыстардың есебі Ұлттық баяндама түрінде өткізіледі.

«Жыл сайын Ұлттық баяндама әзірлеу тәжірибесі қолға алынды. Биыл ел Президентіне алғаш рет ұсынылатын бұл құжат қазір аяқталуға жақын», - деді Болат Тілепов.


Соңғы жаңалықтар