Қоғамдық кеңестерде 3 мыңға жуық мәселе талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық кеңестерде 3 мыңға жуық мәселе талқыланды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Ақпарат жне қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық кеңестер республикада 2016 жылдан бастап мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл институты ретінде жұмыс істейді, олар мемлекеттік органдар өкілдіктерінің (30% аспайтын) және азаматтық сектордың (кемінде 70%) пропорционалды арақатынасынан тұрады. Осы кезеңде қоғамдық кеңестер жыл сайын 200-ден астам әртүрлі деңгейдегі әкімнің, 20 орталық және 200-ге жуық жергілікті мемлекеттік орган басшыларының есептерін тыңдады», - деп атап өтеді министр.

Оның айтуынша, тиісті саланың немесе өңірдің қоғамдық маңызды мәселелерін қарауға 1 мыңнан астам қоғамдық мониторинг жүргізілді.

«Қоғамдық кеңестердің қоғамдық тыңдауларында 3 мыңға жуық сумен жабдықтау, ТКШ, медицина, білім беру, әлеуметтік сала мәселелері талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері 20 мыңнан астам нормативтік құқықтық актінің жобасын қарады. Сонымен қатар, алты жылдық қызмет қорытындысының оң нәтижелеріне қарамастан, қоғамдық кеңестердің жұмысына жасалған талдау қоғамдық кеңестердің мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық бақылау мен халықтың пікірін ескерудің тиімді құралы бола алмағанын көрсетеді. Қоғамдық кеңестердің қызметі, сондай-ақ олардың сапалық құрамы азаматтар арасында жиі наразылық тудырады, қоғамдық кеңестердің жұмысы формалды сипатқа ие, бұл олардың тиімсіздігін және ашық болмауын көрсетеді», - деді Асқар Умаров.


Соңғы жаңалықтар