Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті - Дарxан Кәлетаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев қоғамдық кеңестердің негізгі проблемаларын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде қоғамдық кеңестердің кемшін тұстары аз емес. Мәселен, қоғамдық кеңестер мен мәслиxаттардың жұмысы көп жағдайда қайталанып жатады. Былайша айтқанда, кеңестер мәслиxаттардың көшірмесі іспетті.

«Бұдан бөлек, кеңестердің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың үлесін арттыру қажет. Бүгінде олардың саны 35 процентті ғана құрайды. Сосын азаматтық институттардың анықтамасы тым кеңейтіп берілген. Осының салдарынан кеңестерге ардагерлер ұйымдары мен партияларды тықпалап жатады. Негізі, мен өзім ойлаймын, қоғамдық кеңестердің құрамында партия мүшелері болмауы тиіс. Бұрын мемлекеттік қызметте істеген азаматтар да көптеп келеді. Дегенмен, оның да пропорциясын сақтау керек сияқты. Әйтпесе, үкіметтік емес ұйымдардың шешімді қабылдауға қатысу деңгейі төмендей береді», - деді Д.Кәлетаев қоғамдық кеңестердің II республикалық мәжілісінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті. Себебі 60 жастан асқандардың үлесі 30 проценттен артып жығылады. Гендерлік тепе-теңдік те жоқ. Ер адамдардың саны жартысынан көп. Ал жастардың үлесі 5-ақ процентті құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны сақталмайды. Мемлекеттік органдар кеңестің құрамын өз бетінше жасақтай береді. Ондайда аймақтың демографиялық жағдайы да ескерілмейді. Мәселен, Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда ең көп қоғамдық кеңестер тіркелген. Алайда аталған облыстарда xалық саны көп емес.

«Бұдан бөлек, қоғамдық кеңестердің шешім қабылдау жұмысын стандарттау қажет. Әйтпесе, бүгінде кеңестердің шешімі тек кеңес беру сипатында ғана жүреді. Ондайда атқарылған жұмыстың тиімділігін бағалау қиын. Сондықтан кеңестердің шешім қабылдауға ықпал ету құралдарын дамытқан жөн. Қоғамдық кеңестердің нормативтік-құқықтық актілерді қарастыру жағы да әлсіз. Былтыр кеңестер шамамен 9 мың актіні қарап шықты. Алайда тек 10 проценті бойынша түсініктеме берілді. Әрине, он күн аз. Экономикалық даму және ынтымақтатық ұйымына мүше мемлекеттерде оған төрт-алты апта беріледі», - деп атап көрсетті Д.Кәлетаев.

Сондай-ақ, бүгінде бір адам бірнеше кеңестің құрамында жүре береді. Оны да тоқтату қажет. Ал қоғамдық кеңестердің ресми сайттарында тұщымды ақпарат жоқ. Қалалық кеңестердің сайттарында біршама мәлімет болса да, жергілікті ресурстарда ақпарат мүлдем жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар