Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың қызметі бірін-бірі қайталамайды – Болат Тілепов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық кеңестер мен мәслихат қызметтері бірін-бірі қайталамайды. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық кеңес пен мәслихаттың жұмысы бірін-бірі қайталайды деп айтудың өзі дұрыс емес деп есептейміз. Олардың заңды мәртебесі екі бөлек. Мәслихат – жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Яғни, олардың шешімінің заңды күші бар. Ал қоғамдық кеңес – консультативті орган», - деді вице-министр тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің шешімінің де кеңестік сипаты бар.

«Бұл тұрғыда біз функциялардың бірін-бірі қайталайтынын емес, бірін-бірі толықтыратынын айта кетуіміз керек. Яғни, қоғамдық кеңестер шынтуайтында мемлекеттік органдар, ал қазірден бастап квазимемлекеттік сектор қабылдайтын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін қосымша құрал саналады. Қоғамдық кеңестің басты міндеті – қоғамның ең өзекті мәселелерін талқыға шығару», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар