Қоғамдық келісім, бейбітшілік, бірлік үштігі тұрақтылықтың кепілі - ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мұндай пікірді бүгін Алматыда қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов білдірді.

Шара барысында қалалық ҚХА орындалған жұмысы мен Елбасының 18 сәуірде өткен ХХІ сессияда берген тапсырмаларын орындау туралы баяндалды.

Сессия Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың төрағалығымен өтті.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын кейбір шетелдік сарапшылар Қазақстанды дінаралық, ұлтаралық шиеленісу орын алған тұрақсыз мемлекет болады деп бағалаған болатын. Алайда, іс жүзінде Қазақстан жүргізілген мүлтіксіз саясат арқасында бірлігі мен келісімі жарасқан көпұлтты мемлекетке айналды. ХХІ ғасырдың негізгі заңдылығы татулық. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғамдық келісім, бейбітшілік, бірлік үштігі тұрақтылықтың кепілі. Татулықтың арқасында экономикалық даму жүзеге асып, әлеуметтік мәселелер шешіліп жатыр», - деді ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, халықтар бірлігі еліміздің алдына қойылған «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудың ең тиімді механизмі болып табылады.

«Елбасы стратегияда қандай мәселе көтерді? Ең алдымен ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыру керектігін айтты. Алматының дамуын негізге ала отырып айтсақ, тек инвестициялық жобаларға 23 млрд теңге жұмсалып, 20 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға 46 млрд теңге қарастырылып отыр. Аймақтық өнім көлемі 6,4 трлн теңгені құрады. Бұл Өзбекстанның ЖІӨ көрсеткішімен парапар, Тәжікстан ЖІӨ 5 есе, Қырғызстан ЖІӨ 6 есе артық. Бұл сандардың артында тұрақтылық тұр. Халықтың хал-ахуалы жақсы болмаса, бұл көрсеткішке жете алмас едік», - деп қорытындылады сөзін Е.Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар