Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттардың жұмысына жаңа серпіліс беру қажет

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елордада Пре­зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен  «Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттардың қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Гуманитарлық саладағы институттар біраз жұмыстар істеп жатқаны белгілі. Бірқатар еңбектер шығып жатыр. Тиісті жоспарлармен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылуда. Алайда, осы бағытта кемшіліктер де жоқ емес. Атап айтқанда, осы айдың басында Елбасы гуманитарлық саладағы институттардың жұмысын күшейту туралы нақты тапсырма берген болатын. Сондықтан бүгінгі басқосудың мақсаты - Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы жолдарын талқылау, сондай-ақ аталған саладағы институттардың жұмысына жаңа серпіліс беру мәселелерін қарастыру», - деді Мәулен Әшімбаев.

 Осы орайда М. Әшімбаев ғылыми-зерттеу сапасы мен диссертациялық зерттеулердің деңгейін арттыру керектігін қадап айтты.

Жоғары оқу орындарында саясаттану, философия, әлеуметтану факультеттерінде оқып жүрген студенттер бүгінге дейін лайықты оқулықтарға қол жеткізбегенін сынға алған ол «мектеп оқулықтарындағы қателіктер оқытушылар мен ата-аналардың тарапынан наразылық тудыруда. Көптеген әдебиеттерді  көрші мемлекеттерден, оның ішінде Ресейден алу жалғасуда. Бұл оқулықтардың кейбірінде біздің көзқарасқа сәйкес келмейтін мазмұндар болуы мүмкін», деді.

Соңғы жаңалықтар