Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттар бірлесе отырып, барлық стратегиялық тапсырмаларды шеше алады - М. Әшімбаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттар бірлесе отырып, барлық стратегиялық  тапсырмаларды шеше алады.

Бұл туралы бүгін елордада «Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттардың қызметі» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Пре­зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Тәртіптік зерттеулер арасындағы тәжірибені кеңейту қажет. Бізге түскен есеп бойынша әр институтпен зерттеулер жекеленген түрде жүргізіледі. Ал күш-жігерді біріктіру, әрине зерттеулердің сапасына оңды әсер етуі мүмкін. Бұл жұмыс, әсіресе Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын жазуда өзекті саналады», деді М. Әшімбаев.

 Оның айтуынша, экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңарудың үдерістерін жан-жақты зерттеу үшін әр салаға мамандандырылған институттар қызметкерлерінің іскерлігі керек болады.

 Сонымен қатар, М. Әшімбаев осы институттардың ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңындағы, «Еуропаға жол» бағдарламасы аясындағы атқаратын жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар