Қоғамдық-гуманитарлық институттардың жұмысын дамыту бойынша комиссия құрылады - Мәулен Әшімбаев

None
None
күйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Қоғамдық-гуманитарлық институттардың жұмысын дамыту бойынша комиссия құрылады.

Бұл туралы бүгін елордада «Қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттардың қызметі» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелде Пре­зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Қазақстанның қоғамдық-гуманитарлық ғылымын жаңа әрі сапалы деңгейге шығару бүгінде біздің мақсатымыз. Осы орайда, бұл саладағы институттардың жұмысына жүйелік баға берудің мезгілі жеткен секілді. Атап айтқанда, ғылыми жұмысты ұйымдастыру жағдайы, ғылыми кадрлардың ахуалы, ғылыми жарияланымдар жағдайы, ғылыми нәтижелік, зерттеу талабы, тақырыптың өзектілігі бағыттарында бағалау жүргізілмек», деді М. Әшімбаев.

Оның айтуынша,  бұл кешенді шараларды жүргізу үшін Пре­зидент Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі, ғылыми ұйымдардың өкілдерінен, сарапшылардан жинақталған комиссия құру керек.

«Бұл комиссиядағы адамдардың барлығы тәжірибелі болуы тиіс. Әкімшіліктің Ішкі саясат бөліміне он күннің ішінде осындай комиссияны құруды тапсырамын. Комиссия желтоқсанның 15-не дейін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы институттардың жұмысына талдау жүргізіп, оларды дамыту бойынша кешенді ұсыныстарды әзірлеуі қажет. Бұл ұсыныстарды біз Елбасына тапсырамыз. Егер мақұлданған жағдайда тиісті жүзеге асыру шараларын бастаймыз», деді Пре­зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар