Қоғамдық бақылауды кімдер жүргізе алмайды - заң жобасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілісте «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасына арналған дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров таныстырды. Оның айтуынша, қоғам атынан бақылау жүргізетін тұлғалардың тізбесін айқындау көзделіп отыр.

«Қоғамдық бақылауды іске асыруға 18 жасқа толмаған, өтелмеген соттылығы бар, психологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жүргізе алмайды. Одан басқа, шетелдік қатысуы бар, сондай-ақ қолданыстағы заң бойынша қызметі тоқтатылған немесе тыйым салынған коммерциялық емес ұйымдар шеттетіледі», - деді вице-министр.

Сондай-ақ Д.Қадыров құжатта қоғамдық бақылаудың назарына қандай мекемелер мен тұлғалар кіретінін атады.

«Қоғамдық бақылау объектілері – жергілікті мемлекеттік орган және атқару органдары, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекетттік сектор субъектілері және қызметі қоғамдық мүдделермен байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар.

Субьектілер ретінде Қазақстанда тіркелген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдар және қоғамдық бақылауды іске асыру құқығы немесе өкілеттігі бар органдар мен мекемелер айқындалып отыр», - деді Данияр Қадыров.


Соңғы жаңалықтар