«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы маусымда Мәжіліс қарауына түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева орталық комминкациялар қызметінде өткен брифингіде «Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасының қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы дайын. Ол сарапшылар арасында да, өңірлер бөлінісінде де кеңінен талқыланды. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйым басшылары деңгейінде де қызу талқыға түсті. Тұтастай алғанда, заң жобасын талқылауға 50-ден астам алаң ұсынылды. Бұдан бөлек, 70 сарапшысы бар жұмыс тобын құрған болатынбыз. Оның құрамына халықаралық ұйым басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, жекелеген сарапшылар да кірді. Жұмыс тобы заң жобасын мұқият әрі егжей-тегжей талқылады. Кеңінен талқылау арқылы біз ұсынған жоба 100 пайыз қайта пысықталды. Сарапшылардың ұсынымы бойынша заң жобасының жалпылама сипатына мән берілді. Бүгінде ол Үкімет қарауында жатыр. Маусым айында Мәжіліске жіберіледі», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар