«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы қалай әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде «Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасы жасалу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасында алдымен адам мен азаматтың құқығы, заңдылық, қайырымдылық және азаматтардың қоғамдық бақылау жұмысына белсенді, яғни қайтарымсыз қатысу прициптері басты назарда болмақ. Сондай-ақ, ашықтық, сенімділік, объективтілік және тәуелсіз қоғамдық пікір маңызды. Сонымен қатар қоғамдық бақылаудың қолжетімділігі мен ақпараттың ашықтығына ерекше мән беріледі», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов «AntikorNews» жобасы аясында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде аталған заң жобасын әзірлеуге қатысты жан-жақты жұмыстар атқарылуда.

«Бүгінде заң жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылып, оның жол картасы дайындалды. Жұмыс тобының құрамында сарапшылар, қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйым және мемлекеттік орган өкілдері бар. Қазіргі уақытта біздің министрлік «Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасын түрлі деңгейдегі қоғамдық ортада талқылауда. Және заң жобасын 2021 жылдың маусым айына дейін Мемлекет басшысына таныстыруды жоспарлап отырмыз. Оған дейін алдағы қараша айында Үкімет жанындағы заң жобалары қызметі мәселелеріне арналған ведомствоаралық комиссия қарауына ұсынатын боламыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар