Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша көпшілік талқылау жалғасуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат - Қоғам қайраткерлері қоғамдық бақылау туралы заң жобасына жаңа ұсыныстар айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша көпшілік талқылау жалғасуда.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің модераторлығымен Жұмыс тобының бүгінгі кеңейтілген отырысында қоғамдық бақылау туралы заң жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

Талқылау барысында сарапшылар өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, қоғам қайраткері Петр Своик азаматтық қоғам тарапынан қоғамдық бақылаудың нақты бағыттарының болуын, сондай-ақ қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер мемлекеттік органдарға бекітілуі тиіс екенін атап өтті.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов журналистік зерттеулерді қоғамдық бақылау нысандарының бірі ретінде енгізу қажеттігі туралы хабарлады.

«Ақмола облысының табиғи монополия субъектілерінің қызметін тұтынушылар» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Арман Садықов заң жобасында пайдаланылатын негізгі ұғымдардың тізбесіне толықтырулар енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Қоғамдық бақылау мүшесі Раногуль Тохтабакиева қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің тізімін кеңейтуді ұсынған болатын.

Министрлік заң жобасын талқылау бойынша келесі отырыстарды өңірлердегі қоғам өкілдерін қамту арқылы онлайн форматта аймақтық көпшілік талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар