Қоғамдық бақылау туралы заң: енді азаматтар мемлекеттің ісіне тікелей араласа алады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта халық мемлекеттік бюджеттің іске асу барысын тікелей бақылап, тексеруге құқылы болмақ. Толығырақ Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі мобильді студиясында берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституция бойынша азаматтар Президент және депутаттар арқылы мемлекеттік басқару жөніндегі өз құқықтарын реттеп отырады. Енді қоғамдық бақылау туралы заң бойынша азаматтар мемлекеттің ісіне тікелей араласа алады. Бұл демократияның механизмі. Заң қалай іске асады? Мысалы, ішкі бюджет саласында, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметінде проблема көп. Әсіресе облыстар мен аудандар бюджетіне қатысты. Яғни бюджет қалай қалыптасады, оны кім бақылайды деген жайттар. Осы орайда белсенді азаматтар топтасып бастама көтеріп аудан бюджетінің атқарылу барысын мемлекеттік және құзырлы органдардың қатысуымен тексеруге құқылы болмақ», - деді Ерлан Сайыров сұхбат барысында.

Халық қалаулысының түсіндіруінше, азаматтар мемлекеттік істерге белсенді қатысумен қатар, мәселені шешуге қатысты идея, ұсыныстарын білдіре алады.

«Халық мемлекет бюджеті есебінен атқарылып жатқан шаруаның нәтижесі мен оның сапасын біліп отыру керек», - дейді депутат.


Соңғы жаңалықтар