+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Қоғамдық бақылау формалары қаншалықты тиімді – сарапшы пікірі

2020 жылғы 24 қараша 18:05
Бөлісіңіз:
Қоғамдық бақылау формалары қаншалықты тиімді – сарапшы пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ІХ Азаматтық форумда Talap қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпшіліктің қоғамдық бақылаудың шегі болуы керек деген пікірмен келіскені қуантады. Біз бірнеше мифтермен күресіп келеміз. Бізде қоғамдық бақылау жоқ деген алғашқы миф үшін заң қабылдау керек. Іс жүзінде қоғамдық бақылау бар, оның көптеген формалары бар. Бұл заңның міндеттерінің бірі – заң шығарушы және мемлекеттік саясат деңгейінде оның бар екенін түсіну және тізімдеу. Екінші миф – тек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде тіркелген, институтцияланған азаматтық қоғам ғана ұсынылады. Көк жайлау мысалынан азаматтық қоғам өкілдерінің бейресми, құрылым болмай-ақ, жұмыла кеткенін көріп отырмыз. Соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы азаматтық белсенділік танытып, мемлекеттік саясатқа ықпал ету керек», - дейді Рақым Ошақбаев.

Оның айтуынша, заңнаманы дамыту қоғамдық бақылаудың қолданыстағы формаларын тиімдірек етуге бағытталуы тиіс. Мысал ретінде орталық мемлекеттік органдар жанындағы аккредиттелген, біріккен кәсіпкерлік субъектілері қатысатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сараптамасын келтіруге болады.

«Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігі заң шығарушы ұсынған әлеуеттен өте кейін қалып отыр. Қоғамдық кеңестердің тәуелсіздігі мен олардың өкілеттіктері кеңейтілетін түзетулердің екінші пакетінде олардың толық пайдаланылмағанын көріп отырмыз. Төртіншіден, қоғамдық бақылаудың алуан түрлі формалары жалпы мемлекеттік бақылауды, қадағалауды алмастыра ма? Мұнда көпшілігінде мемлекеттік саяси және қоғамдық пішін бөлінеді. Ал шын мәнінде, саяси жүйелер мен институттар қоғам мүдделерін білдіретін тәсіл болып табылады. Біз оларға бақылау-қадағалау функцияларын береміз. Іс жүзінде бақылау қоғам мүдделері үшін жасалады. Егер қазіргі мемлекеттік бақылау, қадағалау тиімсіз болса, бұл тетіктерді қайталаудан гөрі түзетіп, бір-біріне жалғау қажет», - деп қорытындылады Рақым Ошақбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT