Қоғамдық бақылау: Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтерген 5 дәріхана анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы мен полиция департаменті қызметкерлері құрамында бар мониторинг топтың кезекті рейді барысында медициналық препараттарды жоғары бағамен сатқан 5 дәріхананы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, дәріхана қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдеде жарық көрген «Көтерме және бөлшек саудада сату үшін дәрілік заттардың саудалық атауларына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып, дәрілік заттарды сатқан.

Сатылымнан азитромицин, цеф3, парацетомол, ингаверин, дектаметазон, цефтриаксон сынды 246 орама дәрі, 1983 дана медициналық маска, 4 мың дана қолғап, 100 флакон антисептик алынды.

Тәркіленген дәрілердің жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асып жығылады.


Соңғы жаңалықтар