+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қоғамды ақпараттандыру үшін ұйымдастырушылық перспективалар құрылуда– сарапшы

2019 жылғы 22 шілде 16:26
Бөлісіңіз:
Қоғамды ақпараттандыру үшін ұйымдастырушылық перспективалар құрылуда– сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамды ақпараттандыру үшін жаңа ұйымдастырушылық перспективалар жасалып жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік өнертапқыш тауарларын өткізе алмай жүр Арқалық қаласында бірнеше буынға жалғасқан полицейлер отбасы тұрады Көкшетауда науқас қызға көмектесу үшін қайырымдылық концерті өтті

«22 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жосарт Тоқаевтың Жарлығымен меморгандардың халықпен ақпараттық өзара іс-қимылы бойынша блогы күшейтілді. Біріншіден, ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымында Орталық коммуникациялар қызметі құрылды. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай туралы жедел хабарлауға, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыру үшін жаңа ұйымдастырушылық перспективаларды құрады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаеваның ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Осындай қадамдар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейтудің және мемаппараттың халықпен жақындауының ең маңызды тетіктерінің бірі ретінде тиісті институтты күшейту бойынша Мемлекет басшысының жұмысының жүйелігін байқатып отыр.

«Аталған бөлімді Президент көмекшісінің басқару фактісі мемлекеттік басқару жүйесін реформалау барысын бақылауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өзінің қатысып тұрғандығын білдіреді. Айта кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінде тиісті жұмыс үшін қажетті база бар. Бүгінде Қазақстанда азаматтардың өтінімдері үшін бірқатар тетіктер қарастырылған, олар қағаз түрінде және электронды нұсқада қамтылған», - деді Жанар Санхаева.

Сонымен бірге, ведомстволардың бірінші басшылары іске асырып келген азаматтарды қабылдау шаралары, телефон арқылы байланысқа шығу, қоғамдық кеңестер және басқа да алаңдар бар.

«Осы арқылы жаңа тағайындау шешімдерді қабылдау процесіне азаматтарды белсенді кірістіру арқылы өтініштер институтын реформалауды күшейтіп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесін кешенді реформалау мәселесінде маңызды элемент болып саналады», - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Президент Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT