Қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуда Ассамблеяның орны ерекше - Сәкен Мұса

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлстігінің төрағасы Сәкен Мұса осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Елбасы бастамасымен құрылған ҚХА Қазақстанда жарасымды тірлік кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өз мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап, дамыту жолында тынбастан қызмет етуде.

Бүгінде бірлік пен тыныштық салтанат құрған елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-біріне дос, бауыр деп қарайды. Олар бір үйдің баласындай бірігіп, бейбітшілік пен берекенің туын желбіретіп, тату-тәтті өмір сүруде. Мұны Қазақстанның кез келген аймағынан көруге болады.

Тұңғыш Президенттің салып берген сара жолы, сындарлы саясатының арқасында әр ұлт бір-бірін құрмет тұтып, ел ертеңінің еңселі болуына өз үлестерін қосып келеді.

Елбасы өткен жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бұл оның жастарды қолдап, елдің жарқын болашағына сенім артқаны деп білеміз.

«Жастар жылының Ақ Жайық өңірінде де мағыналы әрі мәнді өткені маңызды. Бұдан «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі тыс қалмайды. 2004 жылы Сырым ауданында құрылған бірлестіктің мерейлі 15 жылдығына орай бірқатар ауқымды шаралар қолға алынбақ. Біз, өңір жастары ата-баба мен аға буынның игі дәстүрлері мен істерін жалғастыра отырып, мемлекеттік жоба-жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыруға, түптеп келгенде, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіне өз үлесімізді қосатын боламыз», деді Сәкен Нұркенұлы.

Соңғы жаңалықтар