Қоғамдағы кітапхананың рөлі туралы халықаралық конференция өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қыркүйек күні, сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазіргі әлемдегі қоғамның мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапхананың рөлі» халықаралық конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырады.

Конференция ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, президенттік, ұлттық және басқа да ірі кітапханалардың директорлары мен сала мамандарының басын қосар ақпараттық, ғылыми-мәдени алаң болмақ. Іс-шарада бүгінгі қоғамның тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы кітапханалардың рөлі, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеудегі гуманистік миссиясы ортаға салынбақ.

Конференция барысында цифрландыру дәуіріндегі кітапхананы дамыту мәселелері қозғалып, жаңа жаһандық міндеттер қойылады. Қатысушылар ақпараттық қызметтің тиімді формаларын қолданудың тәжірибесімен алмасады.

Талқылауға Елбасы кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В. Дуда, М.И. Рудомино атындағы Шетел әдебиеті кітапханасының бас директоры П.Л. Кузьмин, Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапхананың ақпараттық ресурстар директоры Е.Д. Жабко, Түркия Сыртқы байланыстар департаменті филиалының басшысы Токай Эбру, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет Ислам Республикасы, Түркия, Германия, Чехия, Словакия, Корея кітапханаларының директорлары, отандық және шетелдік мәдениет қайраткерлері, жазушылар, ақындар және т.б. қатысады.

Халықаралық конференцияның онлайн-трансляциясы ZOOM платформасында өтеді. Трансляцияға қатысты сұрақтарыңыз болса, мына нөмірлерді теруге болады: 8 778 917 51 56, 8 708 383 20 90.
Соңғы жаңалықтар