Қоғамда резонанс туғызған Алматыдағы жол апатына кінәлілер сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамдық резонанс тудырған Алматыдағы жол апатына қатысушылар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жүргізуші С.Сатқынбай Daewoo Matiz автокөлігімен Ы.Алтынсарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылысқан тұста жол ережісін бұзып, тыйым салынған бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, жолдан шығып кетті. Сол жерде жүргізуші Е.В.Ивченконың басқаруындағы «JAC S3» автокөлігімен соқтығысты. Е.В.Ивченко да жол ережесін бұзған. Ол Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатып бағдаршамның тыйым салынған сары түсіне өтіп кеткен. Салдарынан Е.В.Ивченко тізгіндеген көлік инерциямен қозғалып, көшенің бұрышында тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу адам ауыр дене жарақатын алды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Аталған дерек бойынша жүргізілген тергеу аяқталды.

«Әуезов аудандық сотының үкімімен екі жүргізуші де ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып олардың әрқайсысы бір жылға сотталды. Сондай-ақ, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыды»,-деп атап өтті спикер.

Еске салайық, бұл жол көлік апаты 2020 жылы 17 қыркүйекте таңғы сағат 08:00 шамасында Алматы қаласы Әуезов ауданында болған.



Соңғы жаңалықтар