Қоғам пен мемлекет төзімділік стресс тестінен өтті - Әділ Каукенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық партия осы сайлау барысында өңірлерде жұмыс істеу,да мол тәжірибе жинады, онлайн режімді меңгерді, ең бастысы - қоғам пен мемлекет төзімділік стресс тестінен өтті. Саясаттанушы Әділ Каукенов Facebook-тегі парақшасында осындай пікір білдірді.

«Экзит пул нәтижесі жарияланды. Нәтижесі болжанғандай шықты. Nur Otan бірінші орында, шамамен 71% дауыс алды, екінші орындағы «Ақ жолда» 10 пайыз, үшінші орында ҚХП-да - 9%. Үш партияның электораты үміткерлеріне Парламенттен күткендегідей орын әперді. «Ауыл» мен «Adal» қажетті дауыс жинай алмады, алайда олардың жағдайы жаман емес, Олар алдағы сайлауда қателіктерін жою үшін жұмыс істеуі қажет», - деді саясаттанушы.

Әділ Каукенов қазақстандық сайлаушылар дәстүрлі түрде тұрақтылық пен эволюциялық даму жолын таңдады деген қорытынды жасады.


Соңғы жаңалықтар