+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қоғам мемлекеттік мекемелер бюджетінің жұмсалуын онлайн бақылай алады

2020 жылғы 17 тамыз 10:56
Бөлісіңіз:
Қоғам мемлекеттік мекемелер бюджетінің жұмсалуын онлайн бақылай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік мекемелер бюджетінің жұмсалуын онлайн режимде қоғамдық бақылауға мүмкіндік беретін жобамен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Е.Тоғжанов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментіне барып, «Antikor ortalygy» қызметімен танысты.

Орталықтың қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғаммен өзара әрекеттесуіне және халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге арналған алаң ретінде құрылған. Делегация департаменттің қабырғалары әйнектен жасалған кабинеттерін аралап, мұндай амалдар транспаренттілік пен сенімділіктің қолайлы жағдайын тудыратынына назар аударды.


Шара барысында «Астана – Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар таныстырылды. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау және қоғамдық бақылау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатының жұмсалуын онлайн режимде қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы ұсынылды.

Департамент қызметкерлері карантин жағдайында халықпен жедел өзара әрекеттесуге мүмкіндік берген «Antikor.Live» тікелей эфирлері мен брифингтері туралы да айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етудегі, қоғаммен сындарлы ынтымақтастықтағы жұмысына оң баға берді.

Аталған тәжірибені түрлі ақпараттық алаңдарда кеңінен таратып, басқа мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу керектігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT