Қоғам қайраткерлеріне латын қарпіндегі клавиатура таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда смартфон және планшеттерге (Android және iOS платформалары үшін) арналған латын қарпіндегі клавиатура таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 12 сәуірде бір жыл толады. Осыған орай «Саналы қоғам - сапалы даму» ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында  ұйымдастырылған шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев, Қордың жоба үйлестірушісі Әсет Оспанов, Қазақстанның Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы Бауыржан Қарағызұлы қатысты. 


null 

«Латын қарпімен жасалған пернетақта жобасы қазақ тілін меңгеріп, үйренемін деушілерге ыңғайлы болуы үшін жасалған. Qazaq Latyn Keyboard - барлық қосымшаларда латын қаріптері арқылы қазақ тілін қолдануға мүкіндік береді», - дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев.


null 

«Qazaq Latyn Keyboard» пернетақтасын орнатуға қолайлы. Сонымен қатар, кириллицадан латынға көшуге жеңіл. Пернетақта мәзірінде кириллица, латын, ағылшын және орыс тілдерін таңдауға болады.

Сонымен қатар, шара аясында  Мемлекеттік тілді дамыту қорының басқа да жобалары таныстырылды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар