Қоғам қайраткерлері «Мағжан Жұмабаев» мерейтойлық төсбелгiсiмен марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы ақыны, публицист, Алаш қозғалысының қайраткерi Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өттi. Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрде ақынның мерейтойына орай 450-ден аса түрлi шара өткiзiлiп жатқандығын атап өттi.

«Ол халқының болашағы үшiн күресетiн негiзгi күш - жастар деп өттi. Бүгiнде елiмiзде көзi ашық, көкiрегi ояу, саналы жастар өсiп келедi. Мағжанның жолын жалғайтын, сенiмiн ақтайтын осылар. Сiздердiң бүгiнгi конференцияда жасаған баяндамаларыңыз, әкелген еңбектерiңiз оларға үлкен ой салады деп сенемiн», - дедi Құмар Ақсақалов.

«Мағжан Жұмабаев мұрасы және әлемдiк руханият» тақырыбындағы конференция барысында, сондай-ақ марапаттау рәсiмi өттi. Ақын шығармашылығын насихаттауға қосқан елеулi еңбегi үшiн бірқатар қоғам қайраткерлері «Мағжан Жұмабаев» төсбелгiсiмен марапатталды.

СҚО әкімдігінен мәлім еткендей, бұдан бөлек, Мағжан Жұмабаевқа арналған үш кiтаптың тұсауы кесілді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, шара аясында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді. «Естелiк және мерейтойлық мерекелер» пошта маркасы 4 түстi бояулы офсеттiк басылыммен он маркадан тұратын парақ түрiнде жасалған, перфорациясы айдарлы, таралымы 10 мың дана.

Соңғы жаңалықтар