Қоғам қайраткері Бәтима Сақауоваға арналған кітап жарық көрді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауоваға арналған «Бәтима ана» кітабының тұсауы кесілді. Бес бөлімнен тұратын кітапта «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы, ел анасы жайында естеліктер, мақалалар, өлеңдер мен очерктер топтастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәтима Есболатқызы Сақауова ұзақ жылдар мемлекеттің өркендеуіне, Жетісу өңірінің дамуына үлес қосқан дара тұлға. Сонау сұрапыл соғыс жылдарында 16 жасынан жұмысқа араласып, Кеңес дәуірінде аудандық партия комитетінің жауапты қызметтерін атқарды. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында мемлекеттің аяққа тұруына күш-жігерін, ақыл-кеңесін аямаған ел анасы.



«Бәтима ана» кітабы басты кейіпкердің ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, оның өмірлік жолындағы түрлі тарихи сәттерді суреттейді. Жастарға тәлімі мен тәрбиесі мол туындының жарық көруіне себепші болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов. Ал кітаптағы материалдарды топтастырып жинақтаған ардагер журналист, Алматы облысының құрметті азаматы Күмісжан Байжан.

Мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауова 2018 жылдың 10 ақпанында 92 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Соңғы жаңалықтар