Қоғам карантиндік шаралардан сабақ алды - Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы нысандарға коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында соңғы буынды технологияларды орнату мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғам карантиндік шаралардан сабақ алды. Осы орайда талаптарды орындамау жағдайлары азайып келе жатқанын көріп отырмыз. Себебі кәсіпорындар басшылары және қызмет көрсету саласындағы мейрамханалар, сауда нысандары санитарлық нормаларға жауапкершілікпен қарай бастады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында еденге тиісті белгілер таңбаланып жатыр, кіреберісте санитайзерлер мен тепловизорлар орнатылған. Олар міндетті түрде болуы керек. Біздің мобильді топтарымыз барлық сауда орындарына барып, түсіндіру шараларын жүргізуде», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында.

Осы орайда ол сауда орындарында қажетті құралдар орнатылуы керектігін айтты

«Қазір озық техника түрлері бар. Емханаларда демеушілер тарапынан тепловизорлар алдық, бұл құрылғылар бір мезгілде 30-40 адамның дене қызуын өлшей алады. Әкімдік тарапынан да осы құрылғыларды алудамыз. Сондықтан сауда нысандары басшыларына дәл осындай тепловизорларды алуға кеңес бердік. Біз күздегі ЖРВИ кезеңіне дайындалуымыз керек», - деді А. Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар