Қоғам белсенділері ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілісте жер ресустарын ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды. Оған қоғам қайраткерлері бастамашы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дөңгелек үстел отырысы барысында құқыққорғаушы Ерлан Қалиев ауылшаруашылық жерлерін жалға алу мәселелерін жетілдіру қажеттігін қолдады.

Оның айтуынша, азамат жер телімін жалға алған кезде келісімшарт жасалып, оның құқықтары мен міндеттері белгіленеді, адамның жауапкершілігі көрсетіледі. Аталған тетікті ауыл шаруашылығына енгізу заңнанамаға үлкен өзгерістерді қажет етпейді. Осы ретте Е. Қалиев депутаттық корпустан айтылған ұсыныстарды неғұрлым тезірек заңдастыруды сұрады.

Азаматтық қоғам белсендісі Жәнібек Қожық мәселелердің шешімін табуды жеделдетуге назар аударды.

«Біз салық мәселелерін жүйелейтін болсақ, көптеген проблема шешімін табатын болады. Жақында көктемгі жұмыстар басталады. Жерді пайдалануға байланысты жауапкершілікті күшейту қажет»,- деді Ж.Қожық.

Айгүл Орынбек жерді ұтымды пайдалануда заманауи технологиялар мен тәсілдер, әсіресе, ғарыштан мониторинг жасау арқылы бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. «Меніңше, ғарыштық бақылау - ол ең алдымен, Елбасы көрсеткен бағытты жүзеге асыру. Бұл жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ Сыздық Болат бірыңғай аграрлық салықты енгізуге қолдау білдіре келе, оны жүзеге асырудың мүмкіндіктері бар екенін алға тартты.

Өзекті мәселені талқылауға үкіметтік емес сектор өкілдері, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, Мәжіліс депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігі, басқа да мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар