Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатының 1-2 тур ойындары өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей қыздар арасындағы бәсекеге 5, ерлер арасындағы турнирге 7 команда қатысты.

Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты, 1-2 турында ерлер арасындағы жеңімпаз командалар:

1. Талдықорған (СДЮСШ)

2. «Қайсар», Қызылорда

3. Жамбыл облысы

Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты, 1-2 турында қыздар арасындағы жеңімпаз командалар:

1. Талдықорған (СДЮСШ)

2. «Қайсар», Қызылорда

3. Орал қаласы

2002 жылы туған жасөспірім қыздар расындағы жеңімпаз командалар:

1. Жамбыл облысы

2. Орал қаласы

3. Талдықорған қаласы

2002 жылы туған жасөспірім ұлдар арасындағы жеңімпаз командалар:

1. Қызылорда, Тереңөзек

2. Талдықорған

3. Жамбыл облысы

Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатының 3-4 кезеңі 10-19 қыркүйек күндері Қызылорда қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар