Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан үшінші жеңісіне жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында үшінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Камбоджамен шеберлік байқасты. Ойын барысында Қазақстан құрамасы жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсыласын 4:0 есебімен сүріндірді.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қазақстандық хоккейшілер басымдығын арттыра түсті. Кездесу қазақстандықтардың басымдығымен 9:0 есебімен аяқталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен шеберлік байқасады.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындары финалдық сатысында төрт мәрте қатысты. 1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.


Соңғы жаңалықтар