Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан төртінші жеңісіне жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Шри-Ланка құрамасымен кездесті. Ойын барысында ел құрамасы басымдық танытты. Нәтижесінде қарсыласын 5:1 есебімен сүріндірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0, Камбоджаны 4:0 есебімен жеңіп, одан кейін Гонконгқа 0:4 есебімен жол берді.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен бір топта сынға түседі.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалдық сатысына төрт мәрте қатысты. 1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.


Соңғы жаңалықтар