Кофи Аннан: АҚШ пен оның одақтастарының Иракқа басып кіруі қателік болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен оның одақтастарының Иракқа басып кіруі қателік болып, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының құрылуына септігін тигізді. Мұндай пікірін жексенбі күні Мюнхендегі конференция кезінде БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан білдіріп өтті, деп хабарлайды ТАСС.

«Кезінде мен оған (баса кіруге) қарсы болғанмын», - деді ол.

«Бұл шешім жағдайды ауырлатты, ал Ирактың қауіпсіздік күштерін тарату шешіміне көңілдері толмаған әскери қызметкерлер мен полицейлер жұмыссыз қалды», - деп атап өтті Аннан, олардың кейбіреулерінің кейіннен «Ислам мемлекетіне» қосылғанын айта келе.

«Демократияны сәйкестендірілген институттарсыз тез құру жемқорлық режимінің пайда болуына әкеліп соқтырды», - деп қосып өтті бұрынғы БҰҰ бас хатшысы.

Ол сондай-ақ «ислам лаңкестігі Таяу Шығыстағы алуан түрлілік пен плюрализмді жойып отырғанын» қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар