Кофе денсаулыққа зиян емес пе - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кофені ұнататын халыққа Англиядан жақсы жаңалық келді. Ғалымдар тіпті күніне құрамында кофеин бар сусынның 25 кесесін ішудің өзі денсаулыққа зиян болмайтынын анықтапты», деп жазады Австрияның Kurier басылымы.

Автордың жазуынша, зерттеуге үш топқа бөлінген 8 412 адам қатысқан.

«Бірінші топ күніне бір шыны кофе ішкен. Екінші топ күніне 1-3 шыны, үшінші топ одан көп кофе ішкен. Орташа есеппен үшінші топ қатысушылары күніне 5, кейбіреуі 25 шыны кофе ішкен», деп жазады автор.

Зерттеушілер кофені көп ішкен адамдардың қан құрамынан кофені аз ішкендере қарағанда еш айырмашылық таппаған.

«Зерттеуге қатысушылардың барлығы МРТ арқылы жүректерін тексертті және арнайы инфракүлгін датчиктер арқылы пультерін өлшетті. Адамның дене салмағы, шылым шегу, шекпеуі мен жасына қарамастан зерттеу нәтижесінде еш айырмашылық байқалмады», деп жазады автор.

Зерттеу мәліметтеріне қарамастан кофе тақырыбы әлі де қарама қайшылықтарға толы. Мысалы, жақында Австрия зерттеушілері күніне алты кеседен артық кофе ішетіндер жүрек қан тамыр ауруларына 22%-ға жиі шалдығатынын анықтаған.

Соңғы жаңалықтар