+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Көбігін шашқан бурадай тулаған Жабай өзені сабасына түсе бастады (ВИДЕО)

2014 жылғы 11 сәуір 18:23
Бөлісіңіз:

АҚМОЛА. ҚазАқпарат -Үш күн бойы тулаған Жабай өзені сабасына түсіп, су деңгейі 1 метрге дейін төмендеді. Бұл туралы аудан әкімі Жомарт Нұркенов мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы бірер сағаттың ішінде өзен суының деңгейі толастап, қауіптің беті қайта бастады.

"Бүгін түнде Жабай өзенінің суы күрт көтерілуі салдарынан Атбасар қаласындағы суда қалған үйлердің саны 340-тан асып, біраз адам қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын. Қазір аталған елді мекенде жағдай сәл де болса дұрысталып, судың деңгейі 1 метрге дейін төмендеді", - дейді Ж.Нұркенов.

Осы уақытта Атбасарда ҚР ТЖМ 200-ден астам құтқарушылары мен 45-ке жуық техника кейбір көшелер мен үйлерде қордаланып қалған суды сыртқа шығаруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT