Көбейтұзға көлігімен кірген жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көбейтұзға көлігімен кіріп кеткен жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады. Оның кешірім сұраған видеосы Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ-нен хабарланғандай, тәртіп бұзушы Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқан. Жолшыбай елге танымал болып кеткен көлді көрмек болған.

«Әлбетте мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаспыз ғой, жаяу да кіріп, көлді кешіп қайтуға болар еді. Бірақ олай болмады. Әлеуметтік желіде әртүрлі пікір айтылуда. Кешірім сұраймын. Өзім 40 жастамын. Өзім де осындай қадамға қалай барғанымды байқамай қалдым», - дейді ол.

Еске сала кетсек таяуда қызғылт түсті Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен азаматтың фотосуреті әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Ақмола облысының полиция қызметкерлері ол жүргізушіні ұстап, әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартты. Атап айтқанда тәртіп бұзушы әкімшілік кодекстің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша ескерту жарияланып, 434-бабының ІІ тармағы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл салынды.




Соңғы жаңалықтар