+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болғандар анықталды

2020 жылғы 7 тамыз 19:37
Бөлісіңіз:
Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болғандар анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тұрғындар Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болғандар анықталды. Бұл туралы ҚР Экология министрлігі мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен аталмыш көлге ұйымдастырған кезекті рейд барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд кезінде Көбейтұз көліне барған министрлік өкілдері мен журналистер тыйым салынғанына қарамастан отбасылық жұптың блокпосты айналып өтіп көлге барғанын анықтады. Ерлі-зайыптылар көлге барып қана қойма, оның лай балшығын күрекпен қазып бірнеше шелекке салып алған.

«Табиғатқа деген мұндай айуандық жиналғандардың жағасын ұстаты. Рейдке қатысқан Ерейментау ауданының әкімдігі өкілдерінің сөзінше, жақында ғана олар волонтерлермен бірлесіп көлді қоқыстан тазартқан. Алайда, соған қарамастан тұрғындар әлі де санасыздық танытуда», - дейді ҚР Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева.

Оның айтуынша, ҚР Экология министрлігі ІІМ мен жергілікті әкімдіктерге заңбұзушыларды жедел жазалау шарасын қолға алуды және көлді қосымша қорғау туралы өтініш жолдайды.

Сонымен қатар, министрлік ел азаматтарына мұндай әрекетке бармай, керісінше қоршаған ортаны қорғауда ұқыптылық танытуға шақырады.

Бұдан бөлек, Экология министрлігі ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта экологиялық заңнаманы бұзғандар, оның ішінде табиғатқа зиян келтіргендер үшін жаза қатайтылатынын еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT