USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылмақ

2020 жылғы 20 шілде 21:46
Бөлісіңіз:
Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылмақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Көбейтұздың бірегейлігін қорғау үшін қандай шара қолданылатындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аумақта әр апта сайын көлдің айналасын тазартамыз, өйткені демалушылар қоқыстарын жинамай, осында қалдырып кетеді. Көптеген адам көлді көру үшін Нұр-Сұлтаннан, Павлодардан, Қарағандыдан келеді. Біз табиғатты, байлығымызды қорғау үшін еріктілерді тартамыз. Олар барлық қоқысты сөмкелерге жинайды. Одан кейін көліктермен полигонға апарады. Кеше полиция қызметкерлері 33-ке жуық әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықты анықтады. Біреу от жағып, біреу қоқыс тастайды, алкогольдік ішімдік ішкендер де болды. Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде бұл көлге баруға тыйым салынды. Үш мобильді топ, жедел штаб және мобильді патруль құрдық. Олардың барлығы қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған», - дейді Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.

Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша, көлдің маңында бірнеше полиция желілері орналасқан.


«Бұл - уақытша шешім. Енді экологиялық сектормен бірге біз табиғи ресурстарды тұз және саз түрінде алып жүрген барлық бұзушыларды ұстаймыз және айыппұл саламыз. Екінші проблема - бұл жерге адамдардың жаппай жиналуы. Арнайы инфрақұрылым жоқ, айнала толы қоқыстар. Бұл мәселенің шешімі бос уақытты және демалысты ұйымдастыратын жеке тұлғалар үшін демалыс аймағын қамтамасыз етуден тұрады. Шын мәнінде, бұл өте ерекше және әдемі жер, бәрін, тіпті шетелдік туристерді де қызықтырады. Бірнеше жыл бойы көл қызғылт түске боялуы ерекше табиғи құбылыс», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол ертең инспекторлар мен полиция қызметкерлері қызғылт көлді қағағалауға жіберілетінін айтты. Олар тұз алып жүрген адамдарды ұстап, жауапкершілікке тартпақ.

Санитарлық қызмет судың сынамасын алды. Ешқандай патология анықталған жоқ. Тұзда жоғары концентрация бар. Әрине, бұл суды тұтынуға болмайды. Экологтар одан әрі талдау үшін тұнба шөгінділерін алды.


«Біз тұз алғандарды, қоқыс тастағандарды ұстаймыз, айыппұл саламыз. Өйткені бұл табиғи ресурстар. Су айдыны болғандықтан, ереже бұзуға болмайды. Біз санкция шараларын қабылдауымыз керек, дұрыс емес демалуды тоқтатуымыз керек. Тұз үшін айыппұл қанша мөлшерде алғанына байланысты, ал қоқыс тастағаны үшін жеке және заңды тұлғаға айыппұл мөлшері 5 АЕК және одан жоғары болады. Жалпы Нұр-Сұлтанға жақын жерде адамдар демалатын көптеген көл мен өзен бар. Бұл үлкен проблема. Өткен жылы біз Қоянды көліне барып, оны тазартуға тырыстық, алайда бір аптадан баяғы қалпына қайта келді. Жаңа Кодексте біз қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл мөлшерін көбейтуді көздейміз. Бүгін біз елорданың айналасындағы қоқыстарға бардық. Мысалы, полиция бізді алкоголь ішпеуге, қоғамдық орындарда темекі шекпеуге мәжбүрлейді. Бұл механизмдер жұмыс істейді, сондықтан біз де экологияға қатысты осындай шараларды қабылдай беретін боламыз», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, Көбейтұз көлі де басқа көлдер сияқты күзетілетін жерге жатпайды. Шешімдердің бірі - осы көлде демалысты ұйымдастыруға жауапты жеке кәсіпорынды анықтау. Зулфухар Жолдасов бұл дұрыс шешім екенін, дұрыс демалуды қадағалайтын адам болғаны жақсы екенін айтты.

«Біз еріктілерді тартамыз. Қазір біз көпшілікті халықтың өзімен жұмыс жасауға, не мүмкін, не мүмкін емес екенін түсіндіруге тартамыз. Жұма күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі сенім телефоны жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Ол вице-министрге бекітілді. Тұрғындар кез келген экологиялық бұзушылықтарды тіркеп, бізге жібере алады. Жұмадан дүйсенбіге дейін 250 хабарлама алдық», - дейді ол.


Еске салсақ, бұған дейін коронавирусты емдейді деген желеумен Көбейтұз көлі тұзының келісі әлеуметтік желіде 5 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT