+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

КО-ның қысқы дөңгелекті ауыстыру талабы Тараз қаласының ауа райына келмейді

2016 жылғы 27 қаңтар 01:33
Бөлісіңіз:
 КО-ның қысқы дөңгелекті ауыстыру талабы Тараз қаласының ауа райына келмейді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласына биылғы қыста қар жаумады, сол себепті автосүйер қауым әбігерге түсті.

Синоптиктер бірқатар жыл Жамбыл облысы орталығы аумағында қарсыз, қыстың жылы болып келе жатқандығын атап өтуде. Қыста орташа жылдық температура көрсеткіші нормадан жоғары.

Тараз таулы аймақ, әрі ауа +12 +14 градусқа дейін жылынады. Алайда Тараздан 60 шақырым жерде, Күйік, Жуалы аудандарында қыс бойы тұрақты қар жауып, - 10 - 20 градусқа дейін аяз болады.

«Қыстың екі айы өтті, Таразда бірде-бір рет аяз болмады. Қар небәрі үш күн жатты, күн жылы, - деді жүргізуші Қайрат Тілебаев. - Кеден одағы техникалық регламентінің жаңа қағидалары бізге қысқы дөңгелек ауыстыруды мәжбүрлейтінін түсінбеймін. Бізге тіпті де қажет емес. Қысқы резеңке тиек қажалып қалды. Келесі жылы қайта жаңасын алу қажет. Бұл бос шығын».

ТҚКС маманы Абылай Күшікбаевтің пікірінше, Тараз сияқты жылы өңірлердің Кеден одағының техрегламентіне түзету енгізу қажет. «Дөңгелектегі тиек жақсы, көктайғақта жолда сырғанап кетпеуге мүмкіндік береді, қарлы күндері өте қажет, әсіресе Жуалы мен Мойынқұмда. Ал Тараз немесе Шымкентте қар аз, мұндай қорғауыш резеңке желініп кетеді. Өте тиімсіз. Темірлі дөңгелек асфальтты құртады. Сосын оны қалпына келтіру үшін салық төлеушілер ақша төлейміз. Қазір жамбылдық жүргізушілер жылына екі рет ауыстыруға көшті. Негізінен оңтүстік өңірге барлық маусымға жарамды дөңгелек тиімді», - деді А.Күшікбаев.

Еске салсақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының талаптарына сәйкес қазақстандықтарға «жазғыдан» «қысқыға» уақтылы ауыстырмағаны үшін айыппұл салына бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT