ҚМГ-ның еншілес 7 компаниясын алуға ниетті инвесторлармен кездесу өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» құрамындағы 6 компания сатылымға шығарылады. Бұл туралы бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев мәлім етті.

«Алдағы жылы 6 компания сатылымға шығарылады. Бұдан түскен қаржы «ҚазМұнайГаз» компаниясының бюджетіне түседі»,-деді ол 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру жөніндегі Кешенді жоспарды орындау аясындағы әлеуетті инвесторлармен кездесу барысында.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-пен біріге отырып 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру жөніндегі Кешенді жоспарды жасағаны белгілі. Тікелей ҚМГ-да 2014 жылдан 2020 жылға дейін 27 компанияны жекешелендіру белгіленіп, оның ішінде биылдың аяғына дейін жеке секторға жетеуін сатуға шығару жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы ҚМГ-ның сатылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының арасында «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК ЖШС, «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ, «Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ, PALPLAST S.A., ROMINSERV VALVES IAIFO SRL, GLOBAL SECURITY SISTEM S.A. компаниялары бар.

Соңғы жаңалықтар