ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек – Бас мүфти

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы ол Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы Құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге жыл соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.



Фото: muftyat.kz

Соңғы жаңалықтар