+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ҚМДБ қызметкерлерінің 95% коронавирусқа қарсы егілді

2021 жылғы 4 тамыз 22:08
Бөлісіңіз:
ҚМДБ қызметкерлерінің 95% коронавирусқа қарсы егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің 95% коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Мәлім етілгендей, ҚМДБ қызметкерлері індетке қарсы екпені өз еркімен алған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы вакцина салуды қолдайды. Өйткені Ислам дінінде денсаулық – ең үлкен құндылық. Вакцина – ғылымның жетістігі десек, Ислам ғылымды қолдайды. Дәрігер мамандар коронавирус індетімен күресудің бірден-бір жолы вакцина екенін айтып отыр. Ал Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығы әрқашан бірінші орында тұрады. Соған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан бастап Діни басқарма қызметкерлері індетке қарсы вакцина салдырды. Оның ішінде отандық QazVac вакцинасын мен де салдырдым», - дейді ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар.

Е.Оңғардың айтуынша, вакцинация ең алдымен, өз қауіпсіздігіміз үшін қажет.

«Одан кейін отбасымыздың, үшіншіден, қоғамның қауіпсіздігі. Маңайымыздағы әріптестеріміз, ағайын-тума, дос-жарандардың індетке шалдықпауы үшін екпе алудың маңызы зор. Қасиетті Құранда да Алла Тағала «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге салмаңдар!» деп ескерткен. Ендеше қазақ елін дәрігерлердің, ғалымдардың айтқанына құлақ асып, өзіміз және жақындарымыздың, еліміздің амандығы үшін вакцина алуға шақырамын», - деді наиб мүфти.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT