+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылды

2020 жылғы 31 шілде 19:47
Бөлісіңіз:
ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек ШҚО тұрғындарының ҚР Президентіне жазған хатындағы деректер жалған - әкімдік

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну, т.б.

«Құрметті қауым!

WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша жүйелі есеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020 жылдың 31 шілдесі сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам Алла разылығы үшін қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды. Бүгін, яғни Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274, ешкі – 83 , түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Қадірлі отандастар!

Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Баршаңыз шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасып отырсыздар.

Аса Қамқор, Ерекше Кеңшілік Иесі болған Алла Тағала осы амалдарыңыздың сауабын арттырып, өз құзыретінде қабылдыққа жазғай. Сауабы мол қайырымдылық істің жақсылығы өздеріңізге еселеп қайтып, халықтың алғысы мен батасына бөлене беріңіздер. Көмек алған жандардың сіздерге жолдаған дұға-тілектері қабыл болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз мерейлеріңізді үстем етіп, екі дүниенің нығметі мен құрметіне бөленуді нәсіп еткей. Әмин!»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT