ҚМДБ басшысы Рамазанда астарды кешкі ауызашар уақытында өткізуді ұсынды

None
Фото: muftyat.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айындағы құдайы астарды кешкі ауызашар уақытында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

ҚМДБ оразамен байланысты сұрақтары бар адамдарға арнап жедел желі ашқан.

«Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Діни ақпарат беру орталығы ашылғанын тағы да қаперлеріңізге саламын. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі 8 7072333030. Ұялы байланыс арқылы хабарласып, көкейде жүрген сұрақтарыңызға жауап аласыз. Дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Соңғы жаңалықтар