+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірінде құран хатым дұғасы жасалады

2020 жылғы 9 шілде 13:21
Бөлісіңіз:
ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірінде құран хатым дұғасы жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні ретінде жариялау туралы өкімге қол қойды. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар», - деп мәлім етті ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтуға шақырды.

Ал 13 шілде күні республика имамдары, қариларымен бірге бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға үндеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT