Клирингтік банк ұлттық валютадағы есеп айырысуларға жаңа серпін береді - ҰБ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Юаньмен операциялар бойынша клирингтік инфрақұрылымды дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды кезең болып табылады. Бұл туралы Ұлттық банк таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы 30 қыркүйекте Қытай Халық банкі «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк ретінде анықтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында қабылданды. Юаньмен операциялар бойынша клирингтік инфрақұрылымды дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды кезең болып табылады. Клирингтік банктің қызметі ұлттық валютадағы есеп айырысуларға жаңа серпін береді және де өзара сауда және инвестициялық қызметтің дамуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар