Климаттың өзгеруі табиғи және мәдени ескерткіштерге аса қауіпті - ЮНЕСКО

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта әрбір үшінші табиғи нысанға және әрбір алтыншы мәдени нысанға климаттың өзгеруі салдарынан қауіп төніп тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы уақытта мәдени және табиғи мұра нысандары, соның ішінде көптеген дүниежүзілік мұраларға орман өрттері, су тасқыны және дауыл қаупі төніп жатыр.

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, климаттың өзгеруіне байланысты Дүниежүзілік мұра тізіміндегі ормандардың шамамен 60 пайызына қауіп төнуде.

Теңіз нысандарының үштен екісі - деградация алдында тұр. Биыл Дүниежүзілік мұра туралы Конвенцияның елу жылдығы атап өтіледі, осыған байланысты сарапшылар алдағы 50 жылға арналған мәдени және табиғи ескерткіштерді жаһандық жылыну салдарларынан қорғау жөніндегі «жол картасын» әзірлеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар