14.05.2023 15:26 Жаһандық климаттың жылынуы құстардың ұшу бағыты мен мерзімін өзгертіп жатыр АНКАРА. АНАДОЛУ-ҚазАқпарат – Ғалымдар жүргізген зерттеу көрсеткендей, климаттың жаһандық өзгеруінен жыл құстарының ұшу бағыты мен мерзімі ауысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтемемен.
29.04.2023 09:09 Климат өзгерісіне бейімделу: Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін нығайту шараларын пысықтады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
08.02.2023 15:57 Алты облысты тоң басып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің алты облысында топырақтың қатуы 84 сантиметрге дейін жетеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 15:51 Өзбекстанда биыл 50 жыл бұрын болған қатты аяз қайталанды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда осы жылдың қаңтарындағы қатты аяз рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
29.01.2023 15:23 Жаңа Зеландияда үш күн тоқтаусыз жауған нөсерден төрт адам қаза тапты АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Зеландияның Окленд қаласында үш күн жауған нөсер жауын тасқынға ұласып, соның салдарынан мерт болғандар саны төрт адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК порталына сілтеме жасап.
12.01.2023 12:18 2030 жылға қарай ел аумағында жауын-шашын 1-3% дейін азаяды АСТАНА. ҚазАқпарат – 2030 жылға қарай орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1-3% төмендеуі мүмкін. Мұндай дерек Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР Су кодексі жобасының тұжырымдамасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.11.2022 01:55 Елдегі орташа жылдық жауын-шашын мөлшері төмендеп барады АСТАНА. ҚазАқпарат – 1940 жылдан бастап әр онжылдықта Қазақстандағы орташа жылдық температура 0,28 градусқа көтеріліп отыр.
09.11.2022 08:38 Еурокомиссия төрайымы Қазақстанмен жасалған сутегі келісімі туралы айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Солтүстік жарты шар мемлекеттерін Жаһандық Оңтүстікке қаржылық қолдауды жеделдетуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
25.10.2022 08:44 Брюссельде мыңдаған адам экомаршқа қатысты БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссельде мыңдаған адам климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның 27-інші конференциясы қарсаңында «Келешек үшін маршқа» қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
07.09.2022 16:49 Антарктидадағы мұздық әлем мұхиты деңгейін 3 метрге көтеруі мүмкін АНТАРКТИДА. ҚазАқпарат – Антарктидадағы Флорида өлшемдес мұздықтың еруі әлемде хаос тудыруы мүмкін, өйткені ғалымдар бұл әлем мұхиты деңгейін 3 метрге дейін көтереді деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.
25.08.2022 22:29 Құрғақшылықтың пайдасы – су астынан тарихи жәдігерлер табылып жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер шарының жартысында дерлік аптап ыстықтан өзендер таязданып, су қоймалары құрғап жатыр. Олардың түбінде көптеген қызықты дүниелер бар болып шықты. Айталық, динозавр іздері, ежелгі қалалар мен «аш тастар» табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
21.08.2022 21:22 Аустрияда дауыл бес адамның өмірін қиды ВЕНА. ҚазАқпарат – Аустрияда коммуналдық қызметтер елдің батыс аймақтарында жауған қатты жаңбыр мен екпінді желдің салдарын жойып жатыр. Батыс Еуропада аптап ыстықтан кейін нөсер жауын жауып, найзағай ойнаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.
21.08.2022 18:28 Қытайдағы қуаңшылық егін шаруашылығына қауіп төндіріп тұр БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қатты құрғақшылық пен ылғалдың тапшылығы Қытайдың оңтүстік өңірлерінде астық өндірісіне кері әсерін тигізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің (АШжАІМ) хабарламасына сілтеме жасап.
15.08.2022 10:40 Еуропа құрғақшылыққа байланысты суды үнемдеуге көшті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда аптап ыстық пен туристік маусымның қызған шағында суды пайдалануға шектеулер енгізілді. Елде құрғақшылық қаупі жарияланды, бірақ жағдай әр аймақта әртүрлі және соған қарай қабылданып жатқан шаралар да бір-бірінен өзгеше, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.
15.08.2022 09:01 Месопотамия батпағы қуаңшылықтан жойылып барады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ирактың оңтүстігіндегі Тигр мен Евфрат өзендері арасындағы бірегей аймақ – Месопотамия батпағы қуаңшылықтан жойылып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.
15.08.2022 08:39 Дубайда шаңды дауыл соғып, 10 ұшақ жергілікті әуежайға қона алмады ДУБАЙ. ҚазАқпарат – Дубай халықаралық әуежайында кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды. Әуежай басшылығы қонуы тиіс 10 ұшақ өзге әуежайларға бағытталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.
07.08.2022 06:21 Еуропаның бірнеше елінде қуаңшылықтан қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция үкіметі қуаңшылық салдарымен күресу үшін кризиске қарсы штаб құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
05.08.2022 22:58 Еуропа елдері қуаңшылықтан зардап шегіп отыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аптап ыстық пен қуаңшылықтан Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығы мен басқа да салалары зардап шегіп отыр. Судың тапшылығы фермерлерге ғана емес, туризм нысандарына да қиындық туғызған. Себебі, кейбір қонақүйлер сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
05.08.2022 18:20 Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш облыста найзағай ойнап, дауыл көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
03.08.2022 16:01 Биыл еліміздің қай өңірлерінде жауын-шашын аз болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміздің үш өңірінде жауын-шашын аз түседі. Сондай-ақ, екі облыста құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Президенті Телерадиокешінінің «Үш сұрақ» бағдарламасында сұхбат берген «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.