Кличко Гарвард университетінде дәріс оқиды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко Гарвард университетінің  (АҚШ) дәріскері болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы оның бауыры, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко «Бабель»  басылымына берген сұхбатында айтты.

Ол өз сөзінде Владимир әлемдегі беделді университеттердің бірінде менеджмент бойынша дәріс оқитындығын мәлім етті.

«Ол шынында да жақсы менеджер. Владимир үш -төрт жылдан бері швейцариялық Санкт-Галлена университетінде дәріс оқиды.

Биыл оған Гарвардта дәріс  оқуға ұсыныс түсті. Владимир келісімін берді»,- деді бауыры.

Владимир Кличко өз спорттық жолында ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанған. Ол кәсіби бокстағы спорттық мансабын 2017 жылы қатарынан екі рет жеңілгеннен соң аяқтады.

 

 

Соңғы жаңалықтар