КҚК мұнай экспортын 11 айда 10,4% арттырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2018 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін 55,129 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,45% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі КҚК деректеріне сілтеме жасап.

Биыл қарашада мұнай экспорттау көлемі 5,154 млн тонна болды (былтырғы көрсеткіш - 5,001 млн тонна).

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын транзиттік аймақ ретіндегі Ресей аумағы арқылы экспорттау үшін құрылған. Консорциумның иелігіндегі 1,5 мың шақырымға созылып жатқан «Теңіз - Новороссийск» құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кендерін Қара теңіз жағалауларымен байланыстырады.

КҚК 2017 жылы 55,107 млн тонна, яғни 2016 жылғыдан 24,4%-ке артық мұнайды экспортқа жіберген.

КҚК акционерлері: Ресей - 24%, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 19%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, «КТК Компани» - 7%, BG Overseas Holding Limited - 2%, «Эни Интернэшнл Н.А Н.В. С.ар.л.» - 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Соңғы жаңалықтар